Түркістан облысы азық-түлік өндіруде көш бастап тұр

туркасип.png

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдегендей, өткен жылы өңірде өнеркәсіптік өнім көлемі 500 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 245 млрд теңге өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі. 

Былтыр өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері тамақ өнімдері өндіру, жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика өндірісі және басқа да бейметалл минерал өнімдер өндірісі тәрізді салаларда артты. 

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынын арттыру мақсатында кәсіпкерлікті қолдау бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 22 млрд теңге бөлінді. Барлығы 800-ден аса жұмыс орны құрылды. Ал биыл тағы 11 жобаны іске асыру көзделген. 

Үкіметтің мемлекеттік сектор сатып алуларында жергілікті контент үлесін арттыруды тапсыруына байланысты «қарапайым заттар экономикасы» саласында тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесінің нысаналы көрсеткіштерін мемлекеттік ұйымдар өткен жылы біршама арттырылды. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп тауарлары – 60 пайызға, жиһаз – 62 пайызға, құрылыс материалдары – 67 пайызға, азық-түлік өнімдері 85 пайызға орындалды. Соңғы бағыт бойынша Түркістан облысының көрсеткіштері еліміз бойынша бірінші орында.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер