Той жасаған тұрғынға хаттама толтырылды

Screenshot_2.png

-Әлеуметтік желілерде "Жетісай қаласында төтенше жағдайға қарамастан той болып жатыр" деген бейнежазба таралған. Қазіргі таңда, аталған жайт бойынша аудандық полицейлер шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталып,кінәлі азаматтар белгілі болды,-деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 476-бабы "Төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша тіркеліп, тойхананың иесі мен той жасаушы тұрғынға хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданады.

Атап өтейік, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мамандары әлеуметтік желі мен мессенджерлерді 24/7 режимінде мониторинг жүргізуде. Аталған жайт та қызметкерлер тарапынан дер кезінде қолға алынып, облыстық полиция департаменті арқылы шара көрілді.

Осы уақытқа дейін тұрғындар тарапынан 7 жағдай бойынша Whats app топтарда таратып жүрген заң бұзушылықтар анықталған.

Айт а кетері, кеше облыс халқына жолданаған үндеуінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әлеуметтік желілердегі әртүрлі ақпараттарға емес, мемлекеттік органдар таратқан ресми мәліметтерге сенугше шақырды. Өмірзақ Естайұлы:

«Құрметті жерлестер! Дәл қазір бүкіл әлем қиын кезеңде тұр. Алайда, біз бұл қиын-қыстау уақыттан да бірлік пен ынтымақтың арқасында аман-есен өтеміз деп сенемін! Қазіргі таңда бізге тыныштық керек, жалған ақпараттарға сенбеңіздер. Ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер. Біз күнделікті жағдайды қатаң бақылауда ұстап отырмыз»,-деді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер