Шардарада сақтық шаралары жүргізіліп жатыр

91912195_1017651215303910_5697921799212236800_n.jpg


Коронавирус індетінің таралуына жол бермеу шаралары Түркістан облысы Шардара ауданында да жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты  аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, облыстық мәслихаттың депутаты Б.Сермаңызов пен "Nur Otan" партиясының Шардара аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Қарымсақов және аудан әкімінің орынбасарлары бірігіп, төтенше жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып шықты. Бұл туралы шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тарқатып айтқанда, орталық базар, сауда орталықтары және шағын дүкендерге барып, сақтық шараларының жүргізіліп жатқандығына сырттай бақылау жасады. Сондай-ақ, аудан басшысы жеке кәсіпкерлерге маска тақпай, қауіпсіздік шараларын ұстанбай жүрген тұтынушыларға ескерту жасап, сауда нысандарында сақтық шарасын қатаң ұстануды түсіндіру керектігін айтты. Сонымен қатар, аудан әкімі Шардара - Жетісай және Шардара - Абай бағыттарында қойылған блок посттардың жұмысын саралады. Аудан басшысы нысандарды аралап болғаннан соң салаға жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар берді.

Айта кетері, вирустың таралуын болдырмау мақсатында облыс аумағында барлық азаматтар медициналық бетперде киіп жүруі керек. Дүкендер мен қоғамдық орындарда бетпердесіз жүруге тыйым салынады. Онда арнайы залалсыздандыру құралдары орнатылуы тиіс. Тұрғындар үйден тек қана азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуы керек.Отбасылық мерекелер мен той-жиындарды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер