Түйе сүті экспортқа шығарылуда

ddef3292-8cc8-418c-8fe5-f78d459e5583.jpg

Түркістан облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында түйе сүтін өңдеу, оны экспорттау жобалары қолға алынуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Бүгінгі күні түйе шаруашылығын дамытуға ниеттенген 80 АШТӨ-і анықталды, сатып алынатын аналық түйе саны 3070 басты құрайды. Оның ішінде қаржы ұйымынан құны - 1 млрд 115 млн.теңге құрайтын 3 жоба мақұлданып отыр. Сондай-ақ, кәсіпорын «1000 басқа арналған сауынды түйе кешенін салу» жобасын іске асыруды қолға алды. Жобаны іске асыруға Кентау қаласы және Бәйдібек, Созақ, Отырар аудандарынан жер телімдері қарастырылуда. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылдың 11 қыркүйегінде Қытай еліне ресми сапарында екі ел арасында экспортталатын сүт өнімдеріне және жүн шикізатына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттамаға қол қойылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортқа бағытталған тізілімі кеңейтіліп отыр. Жуырда ғана «GOLDEN CAMEL GROUP LTD» ЖШС-нің Қытай Халық Республикасына алғашқы түйе сүтінен дайындалған 13 тонна дайын ұнтақ өнімін экспортқа шығару іс-шарасы өтті. Жалпы өңірде түйе шаруашылығын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары нәтижелі жүзеге асырылуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Игілік» бағдарламасының игілігін көрудe
  • Жұмыспен қамту күн тәртібінедегі мәселе
  • Жұмыспен қамту жүйелі түрде жүзеге асуда
  • «Бизнес бастау» курсымен бизнес бастаған
  • Жетісайда спорттық аяқ киім шығарылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер