Біркөлік шатқалы – қазір Төлеби өңіріндегі туризмді аймақтың бірі. Шатқал етегінде көптеген демалыс орындары туристерге сапалы қызмет көрсетіп келеді. Солардың бірі «Маяк» демалыс орны.
Мүлгіген тыныштық, тау аңғарлары, ағып жатқан өзен, жап-жасыл пейзаж «Маяктың» - басты ерекшелігі.
Мұнда:
- Ағаштан жасалған үйлер:
- Табиғат келбетін тамашалай алатын тапшандар
- Ересектерге және балаларға арналған бассайн
- Баня
- Кафе
Нысан демалыссыз жұмыс істейді. Сондықтан қаланың қу тіршілігінен шаршасаңыз кез-келген уақытта «Маякта» отбасыңызбен тыныштықта, табиғат аясында демалуыңызға болады.