Спорт кешенінің құрылысы қайта жанданды

image.png

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауылдағы бұқаралық-көпшілік спортты дамыту мақсатында Сауран ауданы Бабайқорған ауылында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын «Элит Инвест-Б» ЖШС жүргізіп жатыр. Екі жылдан бері құрылыс жұмыстары тоқтап қалған спорт кешенінің құрылысы қайта басталды.

Спорт кешенінің ішкі жұмыстары толық аяқталған. Сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров есепті кездесуден кейін кешеннің құрылыс жұмыстарын аралап көрді. Құрылыстың жапсарын баяндаған жауапты мердігер кешенді жыл соңына дейін тапсыруға уәде берді. Аудан әкімі кешеннің ауласын абаттандыруды тиісті мекемеге тапсырды. Сонымен қатар, кешен ауласынан заман талабына сай футбол алаңы салынады. 

Жоспар бойынша спорт кешенінде волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, еркін күрес тағы басқа спорт түрлеріне арналған залдар болады, сәйкесінше секциялар ұйымдастырылады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер