Ауыз су құрылысы сапалы жүргізілуі тиіс

94.jpg 

Бәйдібек  ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Шаян ауылының ауыз су құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшысымен кездесті. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыз су ұңғымасы қазылып, су жинақталатын резервуар аумағында болған Ержігіт Шәріпбекұлы құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекеме «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС-нің басшысына жұмыстың баяу жүргізіліп жатқандығын қатаң ескертті. 

- Қазіргі таңда Шаянда Сіздердің тараптарыңыздан жүргізіліп жатқан ауыз су құбырының құрылысына сын айтып жатқандар жетерлік. Жауын-шашыннан көшенің бойы лайланып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындық тудыруда. Сондықтан салбырлыққа салынбай, жұмысты ширатып, құбыр тасталынған көше бойларындағы жерлерді талапқа сай көміп, бетіне тас төсеп тегістеңіздер. Халықтың бірінші тұтынатыны бұл таза ауыз су. Шаяндықтар қаншама жыл күткен ауыз судың құрылысын сапалы аяқтаңыздар, - деп ескертті аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков. 

Аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына ауыз құрылысына байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты бақылауға алып, мерзімінде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар Ержігіт Шәріпбеков Шаян ауылының кіре берісіндегі Т.Рысқұлов көшесін аралады. Аралау барысында аудан әкімі мердігер мекемеге ауыз су құбырын асфальттың үстінен емес жолдың жиегінен жүргізіп, құрылыс қарқынын үдетуді тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер