Тоғызқұмалақтан турнир өтті

8.jpg

Түлкібас ауданында «Балалар жылына» орай Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясының кубогына арналған жарыс басталды. Тоғызқұмалақтың рапид түрінен жасөспірімдер арасындағы облыстың ашық турниріне көршілес Қырғыз елінің үш облысымен қатар, еліміздің 6 өңірінен және өңіріміздің 11 ауданынан 200-ден астам спортшы қатысуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорттық шараның ашылу салтанатында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт және Түркістан облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Нұрғали Мылтықбаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Кемербастау ауылдық округіне қарасты Асанбай Асқаров мектебінде өтіп жатқан жарыс жалпы екі күнге созылады. Турнир нәтижиесімен үздік атанған спортшылар арнайы марапатталады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм саласына салынған әрбір инвестиция—жұмыс орны
  • Түркістан: Халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде
  • Түркістан мақта-тоқыма кластерінің ірі орталығына айналады
  • Түркістанға шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артып келеді
  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер