Туысының донер аппаратын ұрлаған

0505.jpg

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, пәтерінде тұрған құны 130 мың теңге болатын донер жасайтын аппаратын белгісіз біреу жымқырып кеткенін жеткізді. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Кентаулық қырағы жедел-тергеу тобы тұрғынның мүлкін жымқырып, ұрлық жасаған күдіктіні анықтау мақсатында әрекет етті. Көрген-білгендерден сұрастырды. Жау алыстан келмейтінін ескеріп, осы бағытта жан-жақты тексеру жүргізді.

Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде жәбірленушінің бұрын сотты болған туысы екені расталды. Анықталғандай, туысының үйінде ешкім жоқ сәтте кірген сезікті рұқсатсыз аппаратты алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Содан оны Түркістан қаласына апарып сатып, ақшасын өз қажеттіліген жұмсап жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдануға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм саласына салынған әрбір инвестиция—жұмыс орны
  • Түркістан: Халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде
  • Түркістан мақта-тоқыма кластерінің ірі орталығына айналады
  • Түркістанға шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артып келеді
  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер