Көршісінің алтынын ұрлаған

9.jpg        

Түркістан облысының полицейлері көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, өзінің тұрғын үйіне белгісіз біреулер кіріп, жатын бөлмеде тұрған алтын бұйым әшекейлерін жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 3 500 000 теңгені құрады.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарына бірден кірісті. Нәтижесінде қырағы сайрамдық полицейлер, тәулік ішінде күдікті ер азаматты анықтады.

Белгілі болғандай, күдікті ер азамат жәбірленушінің көршісі болып шықты. Әйелдің үйінен шыққанын көрген күдікті өз арам ойын жүзеге асырған. 

Қазіргі таңда қолды болған әшекейлер толықтай заңды иесіне қайтарылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктіге қатысты тергеу амалдарын жалғастыруда. 

Түркістан облысының полицейлері бағалы заттарыңызбен, әшекей бұйымдарыңызға мұқият болуларыңызды ескертеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ортақ міндет – өзара ынтымақ пен бірлікті сақтау
  • Үшқайықтықтар көгілдір отынның игілігін көруде
  • Серпінді жобада серпіліс бар
  • Жұмыссыздарды жұмыспен қамту билік назарында
  • Демеушілер күшімен көп жұмыс атқарылуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер