Бойжеткен алаяқтық жасады

25.jpg

Түркістанда  алаяқтық қылмысын жасаған күдікті бойжеткен  ұсталды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төлеби  АПБ-ға жергілікті  тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, белгісіз біреу есепшотындағы  700 000 теңге ақшасын   аударып алған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, қылмыстық істі ашуға бағытталған шараларды жедел түрде жүргізді. 

Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Төлеби АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер тыңғылықты тексеріп, куәлардан сұрастырып шықты. Нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде бойжеткенді анықтап, оны өз үйінен ұстады. Ол жәбірленушінің танысы, жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, жәбірленуші мен күдіктіні достары үйіне қонаққа шақырған. Сол сәтте  күдікті жас қыз әлеуметтік желіге кіру үшін,  жәбірленушінің ұялы телефонын  сұрап алған.  Содан бойжеткен, жігіттің  есепшотындағы ақшасын көріп, арам ойы туындап, оны өзіне аударып алған. Сондай-ақ күдікті жас қыз жымқырған ақшаларды бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Вице-министр Е. Саденов Түркістанда қызметтік іссапармен болды
  • Бекетте есірткімен ұсталды
  • Көлігінде тапанша сақтаған
  • «Шетелдік көлікті тіркеймін» деген алаяқ ұсталды
  • Малыңыз ұрылардың олжасына айналмасын десеңіз...
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер