Сақтық шараларын ұстаныңыз

14.jpg 

Түркістан облысы Ордабасы ауданының полицейлері суға шомылған тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар мекемесінің қызметкерлерімен бірге рейдтік шара жүргізді. Олар аудандағы өзендер мен көлдерге, каналдарға барып, ондағы жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жасады. Сонымен қатар тыйым салынған аумақтарға суға шомылуға болмайтындығын баса айтты. Және алғашқы көмек көрсету ережелерін түсіндірді.

Айта кетер болсақ, полиция қызметкерлері жыл басынан бері аудан аумағында белгіленбеген аумақтарда суға түсіп, ережені бұзғаны үшін 4 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы 1-бөлігі «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша хаттама толтырған.

Облыс полицейлері тұрғындарға суға шомылу маусымында барынша сақтық шараларын ұстануға кеңес береді. Жасөспірім балаларыңызды қараусыз жібермей, тыйым салынған аумақтарға суға түсуге болмайтынын  еске салады. Жазатайым жағдайды болдырмас үшін сақ болайық!


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сауран: «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
  • Актауский городской отдел строительства
  • ОЗЕНИНВЕСТ
  • Тупкараганский районный отдел строительства
  • Актауский городской отдел строительства
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер