Жылыту радиаторларын жымқырған азамат ұсталды

4.jpg

Түркістан қалалық Полиция басқармасына құрылыс мекемесінің басшысы  арызданды. Оның айтуынша,  белгісіз біреулер  құрылыс жүріп жатқан тұрғын үйлердің  300 дана  радиаторларын жымқырған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 000 000 теңгеден асады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. 

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында полицейлер жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде осы іске қатысты  күдікті ретінде Сауран  ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол құрылыс мекемесінде жұмыс істейтін жұмысшы болып шықты.

Анықталғандай, күдікті оңай жолмен пайда табу мақсатында, құрылыс жүріп жатқан ғимаратқа  ұрлыққа түскен. Содан ұрланған жылыту құрылғыларын темір қабылдайтын орынға  сатқан. Сондай-ақ күдіктінің жалпы осындай ұрлық қылмысының 2 жайтына қатысы бары анықталды.  Бүгінде ұрланған жылыту радиаторлары айғақты зат ретінде иесіне қайтарылды.   Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі  тергеу амалдары жүргізілуде. 

Облыс полицейлері тұрғындарға өз мүліктерін қауіпсіз орында сақтауға кеңес береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Вице-министр Е. Саденов Түркістанда қызметтік іссапармен болды
  • Бекетте есірткімен ұсталды
  • Көлігінде тапанша сақтаған
  • «Шетелдік көлікті тіркеймін» деген алаяқ ұсталды
  • Малыңыз ұрылардың олжасына айналмасын десеңіз...
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер