Келімсектер қамауға алынды

28.jpg

Түркістан облысының полицейлері республика аумағында заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Полицейлер Түркістан облысы аумағында  «Заңсыз келуші-2022» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Шараның басты мақсаты -  Қазақстан аумағына заңсыз келген,  жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарын анықтау. Сонымен қатар көші қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен оларды қабылдаушы азаматтар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Аталған іс-шара кезінде Қазығұрт аудандық полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында заңсыз жұмыс істеп жүрген 7 азаматты анықтады. Нақтырақ айтар болсақ, шетелдіктерге ҚР ӘҚБтК-нң 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша хаттама толтырып, соттың қаулысымен 1 тәулікке арнайы арнайы қабылдап тарату бөліміне жабылды. Сондай-ақ республика аумағына келіп уақыт мерзімі өтіп кеткен 1 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, сот қаулысымен 76 575 теңге көлемінде айыппұл салды. Тұрғын үймен қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының 2 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 1-бөлігі «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы»  бойынша әкімшілік шара көрілді.

Бұл бағыттағы шаралар Қазақстан аумағына заңсыз келушілер мен  жұмыс жасайтын шетел азаматтарының санын азайтады. Алдағы уақытта мұндай тексеру жұмыстары полицейлер тарапынан өз жалғасын таба бермек.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ортақ міндет – өзара ынтымақ пен бірлікті сақтау
  • Үшқайықтықтар көгілдір отынның игілігін көруде
  • Серпінді жобада серпіліс бар
  • Жұмыссыздарды жұмыспен қамту билік назарында
  • Демеушілер күшімен көп жұмыс атқарылуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер