Ардагерлердіа ардақтайық

Screenshot_8.jpg

Қазіргі заманда бейбітшілік ең басты жетістік қатарында. Таяу Шығыста ондаған жылдар бұрын тұтанған соғыс өрті әлі өшер емес. Майдан жүріп жатқан мемлекеттердің халқы арып-ашып, азып-тозып көптеген қиындықтар көруде. Олар үшін бейбітшіліктен асқан бақыт жоқ. Расында да жан-жағымызда соғыс, қақтығыстар болып жатыр. Халқы бақытсыздыққа душар болған. Көпвекторлы саясатты ұстанып, көршілермен тату-тәтті тұрып жатқан Қазақстан расында да мерейлі елдер қатарында тұр. Десе де қазақ халқы талай соғысты көрген. Бүгінде соғыста Отан үшін арпалысқан ардагерлерімізге құрмет көрсетуді бір сәт естен шығарған емеспіз. 

Осы орайда жақында Ауған соғысының ең танымал ардагері, арнайы мақсаттағы 177-ші жасақ командирі, Қазақстан Қарулы Күштерінің аңыз адамы Борис Керімбаев жасақтаған құрама құрамында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданынан қатысып, әскери борышын абыроймен өтеген Данабай Медеуовті, «Nur Otan»партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, 177-ші жасақтың құрылғанына 40 жыл толу мерейтойымен құттықтап, сый-сияпат көрсетілді. 

Кездесу «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының ұйымдастыруымен және де  облыстық мәслихат депутаты Нұржан Ашировтың демеушілігімен  бірлесе отырып   өткізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Нұралхан Көшеров: Өзбекстанмен экономикалық әріптестіктің нығаюы рухани жақындықтың заңды жалғасы
  • Түркістан: Өзбекстанмен әріптестіктің жаңа кезеңі басталды
  • Түркістан облысы мен Өзбекстан кәсіпкерлері 78 миллион долларлық меморандумдарға қол қойды
  • Нұралхан Көшеров: Бюджет қаражатының тиімділігі қатаң бақылауда болады
  • «KAZ ECO MEAT» өнімдерінің жартысы экспортталады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер