Ел денсаулығы - бәрінен маңызды

Screenshot_3.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде дәрі-дәрмек мәселесі жуық арада шешілетінін мәлімдеді. Бұл тапсырма көңілге үміт орнататыны рас, себебі, дәрілік заттар тапшылығы бүгінде өте өзекті болып тұр.

Медицина саласындағы тағы бір жаңалық - елде арнайы 400 бригада құрылып, олар үйде емделіп отырған азаматтарға көмек көрсетеді. Ал алдағы уақытта мұндай арнайы бригадалар саны 3500-ге жеткізілмек.

Жауапты мамандардың мәліметінше, Шымкентте бүгінде осындай 56 арнайы бригада қызмет атқарып жүр.

Президенттің бүгінгі үндеуіндегі тағы бір маңызды тұс - Мемлекет басшысы 13 шілдені жалпы ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл күні коронавирус пен оның салдарынан көз жұмған барлық марқұмдарды еске алып, аза тұтамыз.

Алдағы уақытта бұл қиындық артта қалып, ел болып, еңсе көтереміз деп үміттенеміз. Президент қиындыққа төтеп беріп, мойымауға шақырды. Бір-бірімізді осылай қуаттап, қолдау қазіргі таңда қажет-ақ.

Дүрбелеңге бой алдырмай, еңсемізді көтерейік!

Данабек ИСАБЕКОВ, Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ филиалының директоры


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проблема природного газа будет полностью решена
  • Разработан пилотный проект концепции развития спортивной индустрии
  • «Аллея Шамши» приобретет новый облик
  • Для туристов установлено специальные приспособления
  • Готовится крупный проект по устранению недостаточности природного газа
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер