Шымкентте өкпені жасанды желдету аппараты шығарылады

Screenshot_2.jpg

Шымкентте өкпені жасанды желдету аппараты (ивл) шығарылады. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Айтенов Instagram парақшасында хабарлады. Қала басшысы «Kazmedpribor Holding» ЖШС директоры Рахат Байзақовпен пандемиямен күрес мәселелерін талқылады.

Рахат Тұрғанбекұлы қала тұрғындарына 150 дана төсек-орын, инфузия құюға арналған 400 дана штатив және 40 дана медициналық бағана сыйлады.

Өзінің алғысын білдірген Шымкент қаласының әкімі жақын арада әкімдік қолдауымен «Kazmedpribor Holding» ЖШС-і ӨЖЖ аппаратын шығаратынын жеткізді.

«Біз бұл жобамен үш ай бойы жұмыс жасадық. Ендігі кезекте қажетті сертификатты алсақ, аппаратты шығара бастаймыз. Алдымен, қаланы толығымен қамтып, содан кейін еліміздің өзге қалаларына көмектесетін боламыз. Бүгінгі басты жағымды жаңалық осы», - деді М.Әйтенов.

Қазіргі таңда қаладағы медициналық мекемелерде 323 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде 130 портативті аппарат бар. Сондай-ақ, 250 «Бобров» тыныс алу аппараты, 10 монитормен қамтамасыз етілген.

  Айта кетейік, қазіргі таңда ауруханаларда пневмонияның өршіп тұруына байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына тәуелді науқастар көбейген. Бұл аппарат талай жанның сауығып кетуіне сеп болмақ. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проблема природного газа будет полностью решена
  • Разработан пилотный проект концепции развития спортивной индустрии
  • «Аллея Шамши» приобретет новый облик
  • Для туристов установлено специальные приспособления
  • Готовится крупный проект по устранению недостаточности природного газа
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер