Жыл соңына дейін 590 автобус әкелінеді

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласында қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту бағытында  жан-жақты дамыту жұмыстары қатарынан әрі кезең-кезеңімен жүргізілуде. Мәселен, қоғамдық көлікті жан-жақты модернизациялау, жолаушыларды тасымалдау қызметін жақсарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көліктің ұтқырлығын құру бойынша осы жыл ішінде қолданыстағы маршруттар желісі жаңартылып, жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы әзірленген. Оны «Астана LRT» ЖШС-і жүзеге асыруда.

Мамандардың мәліметінше жалпы, қалада қоғамдық тасымалдау саласында 1047 кестемен 76 маршрут, оның ішінде 836 кестесімен 63 автобус, 211 кестемен 13 микроавтобус қатынайды. Жолаушыларды тасымалдау қызметін 24 көлік компаниясы жүзеге асырады. «Мамандармен зерделеу барысында арасында қажетсіз маршруттар бар екені анықталды. Енді олардың біршамасын жойып, кейбіріне өзгертулер енгіземіз. Осылардың есебінен, автобус бармаған шалғайдағы елдімекендерге жаңа бағыттар жолаушыларға қызмет етеді»,- дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Бүгінгі күні шаһарда қоғамдық транспорт саласындағы көліктің 30 пайызы жаңарған. Сондай-ақ «2018-2020 жылдарға арналған автобус көлігін дамыту» кешенді бағдарламасы аясында жылжымалы құрамды жаңарту механизмі жасалған. «БК Шымкент» жобасының операторы жасаған лизинг шартына сәйкес, өткен жылы 300 автобус сатып алынған. Осы жылы метан газымен жұмыс істейтін 590 автобус сатып алуға келісімшарт жасалып, ол көліктер жыл соңына дейін жеткізіледі дейді мамандар. Сондықтан автобустарды жаңарту мәселесі кезең-кезеңімен іске аспақ. Ал шалғай аудандардан жолаушыларды жеткізу мақсатында әлеуметтік маңызы бар 28 маршрут ашылды. Бұл бағыттар Ақжар, Ақтас, Шапырашты, Өтеміс, Ялта, Жыланбұзған, Айнатас, Абдулабад, Достық, Алтынтөбе, Жанаталап, Көкбұлақ және т.б. шағын аудандарға қатынайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дәріханалар дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтылуда
  • Шымкентте қосымша 3 птр зертханасы ашылды
  • Індетпен күресте - тұрғындардың жауапкершілігі де қажет
  • Қала әкімі провизорлы, күндізгі стационарларды аралады
  • Мұрат Әйтенов инфекциялық госпитальге барды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер