Өртке оранған үй қалпына келтірілуде

Screenshot_7.jpg

Шымкентте өртке оранған М.Водопьянова көшесіндегі №1а көпқабатты үйдің мәселесі оңынан шешімін табуда. Бұл туралы  «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен «Nur Otan» партиясы активінің бейнеконференция мәжілісінде мәлім болды. Жиын барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорымен атқарылып жатқан жұмыстар мен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің Шымкентке жасаған іссапарында және ҚР Премьер-министрі А.Маминнің азаматтарды қабылдау кезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

Шымкентте өртке оранған М.Водопьянова көшесіндегі №1а көпқабатты үйдің құрылысы жөнінде Абай ауданының әкімі Б.Парманов мәлімдеді.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде 42 отбасы баспанасыз қалған. Мүлдем баспанасы болмаған 22 отбасы жатақханамен қамтылып, қалғаны туыстарына жайғастырылған. Ал 25 отбасыға 1 млн теңгедей қаржылай көмек көрсетілген. Қазір 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Баспана қыркүйекте тұрғындарға толығымен пайдалануға беріледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер