Тұрғындардың шығындары өтелуде

Screenshot_6.jpg

8 мыңнан аса шымкенттікке төтенше жағдай кезеңіндегі коммуналдық қызметтер шығыны төленді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен «Nur Otan» партиясы активінің бейнеконференциялық мәжілісте айтылды. 

Жиын барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорымен атқарылып жатқан жұмыстар мен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің Шымкентке жасаған іссапарында және ҚР Премьер-министрі А.Маминнің азаматтарды қабылдау кезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

Мәжілісте сөз алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Ергешбек төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеуге 1,5 млрд. теңге қаржы қаралғанын айтты.

–Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу бойынша бүгінгі таңға 17 586 азаматтың өтінімі мақұлданып, мамыр айына жоспарланған 8 333 азаматқа төленген. Қалған өтінімдер бойынша жұмыс жүргізілуде»,-деді Н.Ергешбек. Өз кезегінде шығындарын өтелетінін естіген тұрғындар билік өкілдеріне дән риза. 

 Айта кетейік, «birgemiz» қоры шымкенттіктерге 2,8 миллиард теңге қаражат аударған болатын. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер