Мұрат Әйтенов Ораза айт мерекесімен құттықтады

Screenshot_9.jpg

Рамазан айында мұсылмандар ораза ұстап, ішіп-жеуден тыйылады. Өзін тақуалыққа, сабырлыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Сөйтіп, отыз күн ауыз бекіткен адам ораза бітісімен мереке өткізеді. Бұл Ораза айт мейрамы коронавирустың таралуына байланысты жарияланған карантинмен тұспа-тұс келді. Сол себепті Ораза айт намазы алғаш рет мешіттерде жамағатпен оқылған жоқ.

Осы тұста Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді Ораза айт мерекесімен құттықтады.

– Сіздерді күллі мұсылман үшін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Адамзатты рухани тазару мен мейірімділікке, сабырлыққа шақыратын Рамазан айында шымкенттіктер де қайырымдылық шараларына барынша атсалысты. Мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, көңілдерін демеді. Әлемді мейірім шуақты етеді. Осындай ізгілікке толы Ораза айты мерекесінде отбасыларыңызға құт-береке, амандық тілеймін! Десе де, қаламыздағы карантин жағдайына қарамастан Сovid 19 инфекциясын жұқтырған тұрғындар саны азаймай тұр. Сондықтан, өзіңіз бен жақын туыстарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, сақтық шараларын ұстанып, биылғы Ораза айт мерекесін үйде өткізулеріңізді сұраймын,- деп жазба қалдырды Инстаграм парақшасындағы құттықтауында қала әкімі.

Әкімнің пайымдауынша, биыл карантин режиміндегі ауызашар жасаудан тыйылған көпшілік халық мұқтаж жандарға көмек қолын созып, осылайша сауап жинаған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер