Шымкенттік еріктілерден Мақтааралдықтарға психологиялық көмек

Screenshot_5.jpg

Қасиетті айт мерекесі күні Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасымен әріптес ретінде біріккен қаламыздағы "Серпіліс" қоғамдық қоры мен "Жалын" қоғамдық бірлестігінің "Практик-психологтардың ерікті тобы" Мақтааралдағы су апатынан зардап шеккен тұрғындарға психологиялық көмек көрсету жұмыстарын жалғастырды.

"Серпіліс" қоғамдық қоры мен "Жалын" қоғамдық бірлестігі осы мақсатпен Төлеби ауданында орналасқан "Балдәурен-Шымкент" республикалық оқу-сауықтыру орталығына барды. Бұл игі іс - бастамасы емес, жалғасы. Яғни шымкенттік жантанушы мамандар бұған дейін Мақтааралға арнайы ат басын бұрып, эвакуациялық пунктілердегі тұрғындармен психологиялық жұмыстар жүргізген-тұғын. Бұл ретте біліктілік дәрежелері жоғары 5 маман басты назарларын балаларға аударып, 200-ге жуық балдырғандармен жұмыс жүргізген еді. Сол себепті болар, бүлдіршіндер үрей мен мұңның сейілуіне септігін тигізген кісілерді бірден танып, қуанышпен қарсы алды. Осы жайтты ерікті топ мүшесі Бейсенкүл Нарымбетова: "Сені күтетін, есінен шығармайтын адамның болғаны қандай жақсы. Адам болғанда да баланың. Жұмыстың нəтижесін көру - өз алдына бақыт" деп суреттеді.

Арнайы бұл психологтар тарапынан оқу-сауықтыру орталығында 1-4-сынып оқушыларымен арт терапия: соның ішінде тұз, ермексаз, сурет салу жəне ертегі терапия жұмыстары жүргізілді. Нәтижелі кездесу соңында мақтааралдық бүлдіршіндер мейірімді топты қимай шығарып салды.

Осы орайда аталған орталыққа жаңадан ғана тағайындалған директоры Дәурен Босымбаев жайлы айтқымыз келеді. Мемлекеттік қызметтен білім саласына қайта оралған Дәурен Әбдікәрімұлын балалар зор қуанышпен қарсы алған. Мұны Мақтааралдан жабырқау жүзбен келген бүлдіршіндердің бүгінде шаттанып жүргендерінен де байқауға болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер