Азық-түлік қорынан мәселе жоқ

Screenshot_4.jpg

Қазіргі таңда коронавирус пандемиясына байланысты азық-түлік мәселесі бір қалыпты бағада ұстап тұру маңызды істердің бірі болып табылады. Шымкент қаласында карантин кезінде азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау мақсатында 50 тауар өндіруші кәсіпорын, 18 қойма және 25 сауда нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов онлайн-брифингте мәлім етті.

Халыққа бірінші кезектегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 2020 жылға тұрақтандыру қорына қалалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлінді.

Осының есебінен, қаладағы ірі сауда нысаны «Грамад» гипермаркетіне несиелендіру келісім-шарты түзіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Келісім-шарт бойынша, жалпы 11 түрлі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіледі.

Атап айтқанда: 550 тонна – күріш,2650 тонна -1 сұрыпты ұн,70 мың дана –І сұрыпты ұннан жасалған нан, 220 тонна -қарақұмық, 2500 тонна -макарон өнімдері, 700 мың литр -күнбағыс майы, 240 тонна -қырыққабат, 310 тонна - сәбіз, 450 тонна - пияз, 1000 тонна -картоп, 2200 тонна -құмшекер.

Бүгінгі күнге, түзілген келісім-шарттар аясында 10 мың 120 тонна тауар есебінен 3 ай мерзім ішінде халық 8 мың 800 тоннаға жуық азық-түлік тауарларымен қамтылды.

Қазіргі таңда қалада азық-түлік қоры жеткілікті және баға тұрақты бақылауда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер