Сарбаздар әкім марапатына бөленді

 Screenshot_13.jpg

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, төтенше жағдай кезінде ат салысқан азаматтар дер кезінде көмек көрсетіп, қолдауға уақытында келген.  Вирусты ауыздықтауға қолдау мен сенім де маңызды дүние еді. Міне, елеулі істің артында марапат тұратынын еске алсақ,  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде еңбек еткен 100 сарбазды марапаттап, алғыс хатын табыстады. Сақадай сай болған сарбаздар сөз алып, әкімге де алғыс білдірді. 

Естеріңізде болса, төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласында 100 сарбаз әскер қатарына шақырылып, қаланың қауіпсіздігі мен дезинфекция жұмыстарына жұмылдырылған болатын.

Қауіпті дертпен күресте белсенділік танытқан сарбаздарды марапаттау барысында қала басшысы олардың ерліктерін ерекше атап өтті. Қаланы залалсыздандыру мен карантин ережелерін сақтауға, тұрғындардың төтенше жағдай режимін бұзбауға елеулі еңбектерін қосты деп айтсақ артық емес. Сондай-ақ, еріктілер жылы қарсаңында өз еркімен көзге көрінбейтін инфекциямен күресте аянып қалмаған әрбір сарбазға мегаполис тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер