«Жанға жылу» тұрғындарға әлеуметтік көмек таратады

Screenshot_12.jpg

Биыл еріктілер жылы! Оның үстіне еліміз ауыр сынақты бастан кешіруде. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың асар дәстүрі волонтерлықпен үндесетінін, сол себепті ағымдағы жылы қайырымдылық жасауды заманға сай жаңғырту қажет екенін мәлімдеген еді. Байқасақ, әрбір істің қайыры бар демекші, еріктілер жылы халық үшін оң пайдасын тигізуде. 

Осы мақсатта Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын тұрақты түрде ұйымдастыруды қолға алған еді. 

Жыл басынан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында осы уақыт аралығында 600-ден отбасыға көмек берілді.

 «Біз өткен жылдан бастап «Жанға жылу» акциясын бастаған едік. Бұл жоба аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылатын болады. Қазіргі таңда төтенше жағдай біраз отбасылар қиын жағдайда, сол себепті көмек қолын созу үшін жастар тарапынан осындай жұмыстар ұйымдастырдық. Бұл алдағы уақытта жалғасын табады»

«Жанға жылу» акциясы Шымкент қаласындағы төрт аудан Еңбекші, Абай, Әл-Фараби және Қаратау әкімдіктерімен біріге отырып, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы аналардың тізімі бойынша жұмыс істейді


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер