98 жастағы ардагерді разы етті

Screenshot_3.jpg

1945 жыл Жеңіс туын желбіреткен күні бір үйге қаралы қағаз келіп, қара жамылып отырса, екінші бір үйге жақсы хабар келетін. Соғысқа кеткен ұлдары аман-есен оралған ата-ананың қуанышында шек болмады Еріктілер жылы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі #Игіістеруақыты бастамасын қолға алған болатын.

Осыған орай, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Али Аскеровты Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Али Аскеров 1942-1948 жылдары Совет армиясы қатарында қызмет еткен. Сталинград майданында 65-ші бөлімшенің бас батальон командирі болып, жауға қарсы көптеген шайқастарға қатысты. Ардақты ардагерінің қазіргі таңда 4 баласы, 14 немересі, 24 шөбересі, 2 шөпшегі бар.

Іс-шара барысында ардагердің үйін сырлау, ағаштарын абаттандыру, әрлеу секілді бірқатар жұмыстар жасалып, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында  Екінші дүниежүзілік соғысының 40 ардагері ғана қалыпты. Яғни өткен жылмен салыстырғанда екі есе азайған. Тіпті соңғы екі айда 3 бірдей ардагер бақилыққа аттаныпты. Жеңістің бас кейіпкерлері – майдангерлер! Жыл өткен сайын бізге бейбітшілік сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз жұтамасын. Ұланғайыр кең даламызды соғыс өрті шарпымасын!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер