Ерлікке тағзым!

Screenshot_2.jpg

Елін сүйген азаматтардың қан кешіп, кеудесін оққа  тосып, жеңіс туын желбіреткеніне биыл 75 жыл! Шымкентте майдан алаңында мерт болған және жеңіспен оралып көз жұмған есімдері «Даңқ» мемориалында қашалып жазылған ардагерлердің рухына құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды.

«Бүгін үлкен мереке! Ұлы Отан соғысына қатысып, жеңіспен оралған азаматтар бар, жоғалып кеткендер де болған. Жеңістің 75 жылдығына әкемізге, марқұм аталарымызға тағзым жасауға келіп отырмыз. Әр уақытта жақсылықтар болсын. Соғыс болмасын!», - дейді Шымкент қалалық «ҚАЗАТОМ» ЖШС Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердалы Байғараев.

Екінші дүниежүзілік соғысқа аймақтан 140 мыңға жуық жауынгер аттанғанымен олардың тең жартысы оралған жоқ. Осындан 10 жыл бұрын Шымкентте Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған  Даңқ мемориалы ашылған еді. Осы мақсатта, арнайы мамандар соғысқа қатысқандардың  толық тізімін табу үшін, тіпті Ресеймен байланысқа түсіп, барынша тер төкті. Ер есімін, ел есінде қалдыру мақсатында қаладағы Абай саябағында орналасқан тарихи кешенге облыстағы барлық жауынгердің есімі қашалып жазылды. 

Ұлы Отан соғысының тарихи сәті 9 мамыр Жеңіс күні Қазақстан мен ТМД-да ғана емес, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де кеңінен атап өтіледі. Жыл сайын кең көлемде тойланатын мерекеде ең алдымен ардагерлемізге құрмет көрсетіледі. Себебі, Жеңістің бас кейіпкерлері – майдангерлер!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер