Әлеуметтік сұрақтарға жауап!

Screenshot_10.jpg

Шымкент шаһардағы Сall орталыққа соңғы күндері тұрғындар тарапынан тәулігіне мыңнан астам сауал келіп түседі. Оған жауап беретін арнайы мамандар да орналастырылып, жауап беруге бар жағдай жасалған. Олар хабарласқан тұрғындарға уақытылы әрі сол сәтте жауап береді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуімен жұмысы мен табысынан айрылған, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған халыққа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек беріледі деген еді. Талдау нәтижесі көрсеткендей шымкентіктердің басым бөлігі дәл осы әлеуметтік көмек пен азық-түлік алу бойынша хабарласқан екен.

Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен арнайы штаб құрылып, бірыңғай байланыс орталығы жұмысын бастады.

Күніне шамамен Сall орталыққа әлеуметтік көмек туралы 630, блок-бекеттер жайлы 215, жүк көліктерін кірігізіп-шығару бойынша 50, коммуналдық шаруашылыққа қатысты 50, қаржы бойынша 30, денсаулық сақтауға байланысты 25, қала ішінде жүріп-тұру жайлы 20 азамат қоңырау шалған.

39-50-55 нөмірі бойынша тұрғындардың сауалдарына жауап беретін орталықта 9 телефон орнатылып, мамандар күнделікті қызмет етуде.

Сондай-ақ, әлеуметтік сұрақтардың артуына орай, аудан әкімдіктерінде арнайы мамандар кезекшілігі ұйымдастырылып, орталыққа түскен қоңыраулар бағыттау (переадресация) жүйесіне қосылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Цифрландыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде
  • Инвестициялық жоба: Шымкентте орта азиядағы ең ірі жылыжай кешені салынуда
  • Биыл Шымкентке тартылатын инвестиция 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: 2025 жылы инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер