Блок бекеттерге үш мезгіл тамақ берілуде

Screenshot_9.jpg

Шымкент қаласы аумағындағы блок бекеттер орнатылып, тәулік бойы жұмыс істеп тұрғаны белгілі. Бекеттерде қызметте тұрған қызметкерлерге үш мезгіл ыстық тамақ жеткізіліп жатыр. 

Мұндағы полицейлер мен әскерилерге және медицина мамандарына жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер қолдау білдіріп, ас-ауқат жеткізіп, тегін таратуда. Қала аумағында карантитнге жабылған аумақтарда кезекшіліктегі азаматтарға еріктілер тамақ апаруда. Игі ат салысып жатқан еріктілердің айтуынша, қазіргі таңда бірлік пен қолдау маңызды екен. 

– Төтенше жағдайдың жауапкершілігін жақсы түсінеміз. Сондықтан шектеулерді сақтап, бір-бірімізді қолдап, бірлесе еңбек еткенде ғана дертті ауыздықтай аламыз, - дейді еріктілердің бірі. 

Бүгінде қала аумағында 669 қызметкер жұмылдырылған 18 блок бекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Үш ауысыммен қызмет ететін посттарға 237 полиция қызметкері, 168 қарулы күштер, 60 Ұлттық ұлан сарбаздар мен 204 медицина маманы бар. Санитарлық нормалар бойынша жұмыс істейтін мамандар тұратын аумақ жиі-жиі залалсыздандырылып, бейне камералармен және әуеден бақылайтын дрондармен қамтылған. Олар күнделікті өзіне жүктелген міндетті барынша атқаруда.

Бекеттерде транзиттік көліктер мен олардың жүргізушілерін тексеру қатаң бақылауға алынған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Цифрландыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде
  • Инвестициялық жоба: Шымкентте орта азиядағы ең ірі жылыжай кешені салынуда
  • Биыл Шымкентке тартылатын инвестиция 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: 2025 жылы инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер