Мұрат Әйтенов дәрігерлерге алғыс айтты

Screenshot_15.jpg

Үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы емханаларды аралап, дәрігерлердің жұмысымен танысты. Бүгінгі күннің нағыз қаһармандары дәрігердің еңбегіне көз жеткізіп, барша қала тұрғындарының атынан алғыс жаудырды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Instagram әлеуметтік желісінде жария етті.

«Бірінші мақсат - олардың барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгенін анықтау, ТЖ режимінде қызметкерлердің қалай жұмыс істейтінін білу және ең бастысы – осы қиын уақытта дәрігерлерді қолдау. Мысалы, №5 емханада жұмыс сауатты жасалған. Барлық процестер автоматизацияланған. №6 және №7 емханаларда аздаған кемшiлiктер бар, бірақ оларды оңай шешуге болады.

Мен бүгін 24/7 режимінде жұмыс істейтін дәрігерлердiң оптимизм сақтайтынына көз жеткіздім. Ал бүгін олар қазiргi күннің нағыз қаһармандары. Олар бірінші болып соққы алады. Өздеріне қауiп төнiп тұрса да, олар күндіз және түнде қауіпті жаумен күреседі. Олар бізді қауіптен қорғау үшін туыстарын да көрмейді. Мен қаламыздың барлық тұрғындарының атынан оларға "Рахмет!» айтамын», - деді әкім өз жазбасында.

Сондай-ақ, шаһар басшысы қала тұрғындарына сақтық шараларын барынша күшейтуді, сондай-ақ тазалық пен ұқыптылыққа ерекше мән беріп, үйде болуға шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер