Тұрғын алапқа бақылау бекеті қойылды

Screenshot_20.jpg

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласындағы Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында сақтық шаралары күшейтілді. Онда арнайы бақылау бекеті орнатылып, профилактикалық шаралар қатаңдатылған. Жағдай толық бақылауда. 

Айта кетейік, аталған тұрғын үй алабында 24 жастағы жігіт пен оның анасынан аты жаман вирус анықталған болатын. Бұл жағдайдан кейін үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізілген еді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында мәлім болған еді.

Сондай-ақ  2020 жылы 28 наурыз түнгі сағат 12:00-ден бастап Шымкент қаласында әуежайдың, теміржол вокзалы және автовокзалдың, балабақшалардың жұмысы тоқтатылады. Халық көп жиналатын жерлер жабылады (саябақтар, скверлер, жаяу жүргінші көшелері, ойын алаңдары т. б.). Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі (сағат 18.00-ден сағат 22.00-ге дейін үйге жеткізумен). Қоғамдық көлік қозғалысы кезең-кезеңмен шектеледі.

Азық-түлік дүкендерінің, сауда орталықтары мен киім-кешек базарларының, қызмет көрсететін нысандардың жұмыс режимін шектеу Шымкент қаласының әкімінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии
  • Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті
  • «Shymkent Marathon – 2025» бұқаралық сайысының жеңімпаздары анықталды
  • Определены победители массового забега «Shymkent Marathon – 2025»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер