Нұр-Сұлтанға сый

Screenshot_19.jpg

Бетперде тапшылығы қазіргі таңда өзекті мәселе болып тұр. Тығырықтан жол іздеген шымкенттіктер вирустан қорғаныш құралын бүгінде көптеп тігуде. Бұл іске кәсіпкерлер, еріктілер және қолынан тігіс келетін жандар да ат салысуда. Еліміздің бас қаласы карантинге жабылғалы бері бетпердеге деген сұраныс көбейе түскен. Осы орайда үшінші мегаполис бас қалаға қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып, бауырмалдығын көрсетті.   

 Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Халықты жұмыспен қамту орталығы көмек ретінде Нұр-Сұлтан қаласына 50 мың медициналық бетперде жіберді. Өз кезегінде астаналықтар оңтүстіктің жұртшылығына ризашылықтарын білдіруде. 

Қазіргі таңда медициналық бетперде тігуге орталық басшылығы мен қызметкерлері ерікті түрде кірісті. Медициналық қорғанысты құралдары бірнеше рет пайдалануға арналған. Бөз, дәкеден тігілген маскаларды шығаруға отандық шикізат пайдаланылған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Басшылардың айтуынша шымқалада маска және антисептикалық қралдар тапшылығы жоқ. Дәріханаларда бетперделер  мен антисептиктер халыққа қолжетімді бағада сатылуда. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер