И.Хашимжанов: «Көп түкірсе - көл»

Screenshot_12.jpg

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Икрам Хашимжанов  төтенше жағдай кезінде жерлестеріне  қолдау білдіріп, Елбасының Үндеуіне үн қосты. 

- Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуіне еліміздің әр түкпірінен өз кәсібін адалынан дөңгелеткен азаматтар мен жасы бар, жасамысы бар, әрбірі өздерінше үн қосып жатыр. Маңыздысы, Елбасының бүгінгі  күрделі ахуал кездегі халыққа жасаған үндеуі бірімізді де бей-жай қалдырмады. Әрбірімізді рухтандыратын ұтымды да, ұғымды шешім екеніне көз жеткіздік. Біз де  өз тарапымыздан үндеудің әрбір сөйлемін барынша жүзеге асыруда атсалысамыз. "Елім, жерім" дейтін осы елдің әрбір азаматы осындай жауапкершілігі орасан сәтте өзінің қоғам, жалпы мемлекет алдындағы мендігін көрсетуі үшін қолдан келген еш жақсылығын аямай, "көп түкірсе - көл" қағидатын алға тарту арқылы аталған індетке қарсы тұрғанда ғана жеңіске жететінімізді жеткізгім келеді. 

Сондай-ақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтау кезінде: «Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз», - деді. Еліміздің алдында тұрған осы бір сынақтан елдігіміз бен тұтастықтың арқасында еңсемізді тік ұстай, сүрінбей өтетінімізге сенім мол. Сондықтан, ауызбіршілігімізді танытып, бір-бірімізге қолдауымызды аямайық, құрметті отандастар!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зелёная балка: Семьи ветхого жилья переселили в Шымкенте
  • Көксай: Ескі үйлердегі отбасылар қоныс аударды
  • Норма об унитарности государства, неотчуждаемости территории Казахстана остается неизменной
  • Народный совет Казахстана будет представлять интересы всех граждан страны – Бакыт Нурмуханов
  • Ценности брака и семьи усилят на конституционном уровне в Казахстане
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер