Сақтықты әркім өзінен бастау керек

Screenshot_11.jpg 

«Шымкент экономикалық азаматтық білім интеллект» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зоя Сейітбекова Елбасының Үндеуіне ат салысып, қала тұрғындарына сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

"Бүкіл әлемді жаулаған індет Қазақстанды айналып өтпеді. Осыған орай, Елбасымыз Үндеу жасады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің елімізде таралуына орай елде төтенше жағдай жариялады. Әрбір қазақстандықтың өмірі еліміз үшін құндылық. Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев короновирустың пандемиясы кезінде туындаған қиындықтарды еңсере отырып, осы қиын уақытта бірге болуға шақырды. Шынында да, бұл бір отбасы болып індетке қарсы тұруға, күш жұмылдыруға және өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Еліміздің өмірі үшін бұл қиын сәтте біз бәріміз бірлігімізді көрсете білу керекпіз. Өздеріңіз білесіздер Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында қиын кезеңдерді бастан кешірді, бірақ Елбасының дана саясатының арқасында біз оларды сәтті еңсердік. Енді осы қиын кезеңдерде бір-бірімізге үлкен жауапкершілікпен көмектесейік! Қазақстандықтарға айтарым, барлық сақтық шараларын өзімізден бастайық. Дүниежүзін жаулаған індеттен біз бірлігіміздің арқасында ғана күресіп шыға аламыз! Біз біргеміз!"


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер