М.Ауезов университетінде өткен жиында жаңа Конституция жобасына қолдау білдірілді

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кездесу өтті. 

Screenshot_6.png

Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар қатысты.

Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен жаңа Конституция жобасының мән-маңызы жан-жақты түсіндірілді. Реформаның басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, халық билігінің рөлін күшейту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру екені атап өтілді. Бұл бастама қазіргі жаһандық геосаяси үдерістер жағдайында еліміздің ішкі тұрақтылығы мен құқықтық негізін нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

Жиында сөз сөйлеген университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев Конституцияның қоғам өміріндегі орнына тоқталды. Оның айтуынша, Ата заң – әрбір азаматтың құқықтық санасын қалыптастыратын басты құжат, сондықтан оны білу мен түсіну баршаға ортақ міндет.

Кездесу барысында қоғамда жиі талқыланып жүрген жер мен тіл мәселесіне де ерекше назар аударылды. Осы тақырыпқа қатысты сөз алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек нақты деректерге сүйене отырып, 1995 жылы қабылданған Конституция кезеңіндегі демографиялық жағдай мен бүгінгі ахуалды салыстыра отырып, кеңінен түсіндіріп өтті. 

Сонымен қатар, Сәрсен Құранбек тіл мен жер мәселесін саясиландырып, қоғамда алауыздық тудыруға бағытталған пікірлерге сын көзбен қарау қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай маңызды кезеңде әр азаматтың мемлекеттік мүддені бірінші орынға қоюы аса маңызды.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойында Мемлекет басшысының қазақ тілінің Қазақстандағы ұлтаралық қатынас тіліне айналғаны жөніндегі пікірі де атап өтілді. Бұл қазақ тілінің қоғамдық кеңістіктегі рөлінің артқанын көрсетеді.

Кездесу соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасына қатысты сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Кездесу жастардың құқықтық сауатын арттыруға және ел болашағына қатысты азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.

Айта кетейік, жаңа Конституция – тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіне сай әзірленген стратегиялық маңызы бар құжат. Ол мемлекеттің дамуына, қоғамның сұранысы мен халықтың еркін ескеруге бағытталған құқықтық негіз ретінде бағаланып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • М.Ауезов университетінде өткен жиында жаңа Конституция жобасына қолдау білдірілді
  • Қызылордада Қазақстан Халық партиясы филиалы жаңа Конституциясы жобасына арналған жиын өткізді
  • Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтар баспанамен қамтылды
  • Халық кеңесі – жалпыұлттық келісім институты
  • 2026 жылғы конституциялық реформа: Қазақстан Республикасының жаңа ата заңы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер