Қызылордада Қазақстан Халық партиясы филиалы жаңа Конституциясы жобасына арналған жиын өткізді

Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалы партия активінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған ақпараттық-танымдық жиын өткізді.

Screenshot_5.png

Іс-шара барысында Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар, олардың ел дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ықпалы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар Қазақстан Халық партиясының конституциялық реформаларға қатысты ұстанымы, саяси жаңғыру жолындағы бастамалары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары таныстырылды.

Аталған жиын партия құрылымдарының үйлесімді жұмысын күшейтуге, ортақ мақсаттарды нақтылауға және жүзеге асырылып жатқан реформаларды тиімді іске асыруға бағытталды.

Жиын барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалының белсендісі Талғат Телеубаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, заңтану магистрі Жадыра Шукенова, сондай-ақ Қызылорда «Болашақ» университетінің «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Абдукерова Айгуль Мұратбекқызы сөз сөйлеп, конституциялық реформаның маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Айта кету керек, алдағы уақытта мұндай ақпараттық-түсіндіру шаралары еңбек ұжымдары арасында да жалғасын табатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • М.Ауезов университетінде өткен жиында жаңа Конституция жобасына қолдау білдірілді
  • Қызылордада Қазақстан Халық партиясы филиалы жаңа Конституциясы жобасына арналған жиын өткізді
  • Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтар баспанамен қамтылды
  • Халық кеңесі – жалпыұлттық келісім институты
  • 2026 жылғы конституциялық реформа: Қазақстан Республикасының жаңа ата заңы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер