Бағаны тікелей реттеуден бас тарту және атаулы әлеуметтік қолдауға көшу

image.png

Президенттің тапсырмаларын орындау үшін 2024 жылғы сәуірде бизнесті жүргізуді реттейтін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Осы өзгерістерге сәйкес біз әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тікелей реттеуден бас тартамыз және атаулы әлеуметтік көмекке көшеміз. Сауда үстемесінің 15%-ы бақылауды күшейту мақсатында әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті бағаларды енгізу тетігі алынып тасталады»,  — деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Бүгінгі таңда Қазақстанда «Цифрлық азық-түлік ваучері» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда, ол алушыларға көмекті мақсатты және әділ бөлуді қамтамасыз ете отырып, сауда үстемесінсіз сатып алу бағасы бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары ерекше бақылауда. Әрбір іс-шараны жүзеге асыру жоспарлы режимде жүріп жатыр, міндеттер сапалы және белгіленген мерзімде орындалатын болады», — деп атап өтті министр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Более 100 меморандумов о стабилизации цен и сдерживании инфляции заключили в Шымкенте
  • Шымкентте бағаны тұрақтандыру және инфляцияны тежеу туралы 100-ден астам меморандумға қол қойылды
  • ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті
  • Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл
  • Правила голосования для зрителей международного музыкального конкурса Silk Way Star
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер