Газдың шығу қаупін анықтайтын заманауи мобильді зертхана таныстырылды

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков  табиғи газдың шығу қаупін қашықтықтан анықтауға арналған лазерлік технологиялармен жабдықталған зертхананың жұмысымен танысты. 

Screenshot_4.jpg

Елдімекендерді газдандыруда қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы зор. Бұл ретте заманауи ДЛС-АВТО («Пергам») мобильді зертханасы ұтымды шешім ретінде қаралып отыр.

Зертхана жүйелері

60 метрге дейінгі қашықтықта метан газын дәл анықтайды. 

Жер асты газ шығу қаупін контактсыз диагностикалайды. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек газдың шығуын қашықтықтан анықтайтын озық жүйені республикада алғашқылардың қатарында Шымкент әкімдігі жүзеге асырып отыр. Бұл мегаполистің инженерлік жүйелерін дамытып,  қауіпсіздік шараларын қамтуда маңызды қадам болып табылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құқықтық қызметтер жаңаруда: бақылау, жауапкершілік, технология
  • Момынов көшесінде жаңа автокөлік өткелі ашылды
  • Трудоустройство, правопорядок, волонтерство: какую помощь оказали молодежи в Астане в 2025 году
  • В Астане прошло велозаезд "Jingle Ride"
  • Шымкентте 21 жастағы қызды өлтіріп кеткен адам іздестірілуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер