Қарабастау шағын ауданы орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қарабастау шағын ауданы тұрғындарымен бірге табиғи газды іске қосуға қатысты. 

Screenshot_3.jpg

Жобаны жүзеге асыру 1408 үйді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл жергілікті тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға тікелей әсер етеді.

Осы уақытқа дейін 9 мыңға жуық адам тұратын  шағынаудан орталықтандырылған газбен толық қамтылмаған. Жауаптылар мен мердігер ұйымдардың бірлескен әрекеттерінің арқасында ауқымды жоба сәтті аяқталды.

«Газдандыру — бұл жүйеге қосылу ғана емес, шағын ауданның өмір сүру сапасын жақсартуға және орнықты дамуында маңызды қадам», — дей келе қала басшысы игі іске үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.

Газға қосылу тұрмыстық жағдайды едәуір жақсартады және қатты отынды пайдалануды азайтады, бұл экологиялық жағдайға да оң әсер етеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сегодня Казахстан и Евросоюз начнут переговоры об упрощении визового режима
  • Шымкент қаласында «Айкөл» тұрғын ауданында су жүйесі іске қосылды
  • В Шымкенте в жилом массиве «Айкөл» запустили систему водоснабжения
  • Мемлекет басшысы ауылдағы оң өзгерістерге тоқталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауылдағы сайлау саяси партиялардың аймақтардағы жұмысына тың серпін берді»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер