Агенттік өкілдері жемқорлар ұрланған ақшаны көбінесе қайда жұмсайтынын айтты

image.png

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері жемқорлар ұрланған ақшаны көбінесе қайда жұмсайтынын айтты деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі.

Жемқорлыққа күдікті тұлғалар көбінесе мүлікті жақын туыстарының, сенімді адамдардың немесе басқа да үшінші тұлғалардың атына рәсімдейді дейді агенттік.

Айталық Шығыс Қазақстан облысында жемқорлыққа күдікті азамат заңсыз алынған қаражатқа көлік пен екі пәтер сатып алып, оларды жұмыссыз туысының атына рәсімдеген. Ал  Шымкент қаласында шенеунік ұрланған ақшаға әйеліне электромобиль сатып алған. Сондай-ақ Жетісу облысында қаржылық тергеу нәтижесінде жалпы құны 2,8 миллиард теңге болатын мүлік анықталып, тәркіленген. Оның ішінде ақшалай қаражат, алты автокөлік және бір пәтер бар.

"Мұндай жағдайлар сирек емес. Заңсыз жолмен алынған барлық активтерге тыйым салынып, олардың кейінгі тағдыры сот үкімі шыққаннан кейін шешіледі" дейді мамандар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер