Садрадиннің Шымкентте өткен концертінен шу шықты

image.png

Шымкентте өткен әнші Садрадиннің концертінен шу шықты деп жазады ҚазАқпарат. Әлеуметтік желіде тараған видеодан, концертке келген көпшіліктің кептеліп қалғанын көруге болады. Тіпті, адамдар арасында қысылып қалған қыздар, әрең қимылдап, жол ашып жатқаны кадрға түсіп қалған. Ал, шаш жұлысқан әйелдерді жігіттер ажыратып алған. 

Тәртіп сақшылары адамдар легін ретке келтіріп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Аталған жағдайға қатысты пікір білдірген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі тегін концертті өткізу кезінде полицияға шақырту түспегенін мәлімдеді. 

Ал, сауда-ойын-сауық орталығының басшылығы концертті өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

image.png


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Полномочия Президента в политической системе
  • Преемственность государственной власти — гарантия стабильности страны
  • Ответственность власти перед гражданами — основа справедливого государства
  • Развитие науки и интеллектуального потенциала — путь к будущему Казахстана
  • Конституция елдің даму бағыттарын айқындайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер