Би өнері - биік шың!

Screenshot_6.jpg

Шымкентте нерін республикалық, әлемдік деңгейде өнерін паш етіп жүрген «Қазына» би ансамбілі бар. Онда қазақ және өзге де ұлттардың биін қосқанда 80-нен аса би қойылымдары бар. 

Думанды дәурен», «Қаражорға», «Дала сазы», «Өтті-ау дүние» секілді ұлттық билерден көрермен шеберлік пен мен қойылымдық жұмыстарына тәнті болады. Таңырқайды, әдемі эстетикалық әсер алады. «Қазына» би тобының құрамында 6 қыз, 6 жігіт бар. Осы топта өнер көрсетіп жүрген шымкенттік Ақмарал Мұратбаева өзінің бұл сала да еңбек ететініне риза екенін айтып, қазақ би өнері туралы айтып берді.

«Қазақтың ұлттық би өнеріне қызығушылық танытуыма «Қазына» би ансамблінің жетекшісі Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері білікті хореограф Зәуре Әшірбекованың еңбегі негіз болды. 2019 жылдан «Қазынаның» құрамына қабылдандым. Ұлттық би өнерінде өзіндік қолтанбасы отандық және шетелдік би хореографиясының ортасында өнерімді шыңдау маған берілген үлкен мүмкіндік деп ойлаймын», - Ақмарал Мұратбаева.

Би тобының алғашқы құрамы 1986 жылы Әл-Фараби атындағы мәдениет институтының негізінде құрылған. Ол кезде «Қазына» ұлттық саз аспаптарымен бірге болатын. Ең алғашқы би жетекшісі – Сәуле Балбаракова, ал көркемдік жетекшісі – марқұм Мұса Жарқынбеков болған.1995 жылы ансамбль тарап, 2003 жылы Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония негізінде қайта құрылды. Сонан бері топқа ҚР Мәдениет қайраткері Зәуре Әжібекова жетекшілік жасап келеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда шекарадан өту тәртібі өзгерді
  • «Қазақ дастарханы» челленджі бастау алды
  • «Жүрек жылуы» Рамазанда мұқтаж отбасыларға көмектесті
  • Байқаулар мен онлайн іс-шаралар көрерменге жол тартуда
  • Салт-дәстүр орталығының онлайн дәрістері мәдени астананы танытуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер