Ретро әндер әуелемек

Screenshot_14.jpg

Үшінші мегаполистің «ТМД елдерінің  мәдени астанасы» атауына байланысты  қалада алдағы күндері  40-қа жуық ауқымды және 900-ға жуық тақырыптық мәдени көпшілік іс-шаралар өткізу жоспарланған. 

Солардың бірі биыл вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойы аясында 15 тамыз күні "Шәмші әлемі" гүлзарында «Менің Қазақстаным» ән байқауы өтеді. Бұл шара Шәмшінің шығармаларына жаңа заманауи тыныс беру, халықтың жадында сақталған ретро әндерді басқа да тілдерде жаңғыртып, ТМД мемлекеттерінің әншілері жергілікті эстрадалы-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен тыңдарманмен шығармашылық байланысты дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Және Шымкент қаласына гастрөлдік іссапармен Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты  еліміздің 27 жетекші театрлары мен филармония ұжымдары келіп, өз еңбектерін ұсынады. Еліміздің өзге де өңірлерінен келетін мәдениеттің негізі болып жүрген өнерпаздардың туындыларын үшінші мегаполис асыға күтуде.

Сондай-ақ  сәуір айында  бейнелеу өнері мен қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалауға мүмкіндік туса, мамыр айында Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналған ТМД елдерінің театр фестивальдары өткізілмек. Жаз айларының күнтізбесі де гала концерттер мен іс-шаралар легіне толы болып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Теріскейлік туристерге Цитадель таныстырылды
  • «Shymkent Tourism Center» студенттердің біліктілігін арттырмақ
  • Шымкент әуежайында туристік карта мен ақпараттық парақшалар таратылды
  • Туристік орталық ақпараттық қорын жаңартуда
  • 30 туристке-30 сыйлық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер