Ескі қалашық «жаңарады»

Screenshot_13.jpg

Жазы жайдарлы, қысы жылы Шымқаланың тарихы тым тереңде жатыр. Ғалымдардың пайымдауынша қаланың жасы – 2200 жыл. Бұған қала аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған көптеген құнды, көне жәдігерлер. Шаһардың «кәрілігін» дәлелдейтін қалада тағы бір нысан бар. Ол ескі қалашық.   

  Туристер мен қала тұрғындарының қызығушылығын туғызатын қала ортасында ортағасырлық цитаделдің  орны сақталған. Қазіргі таңда  бұл ескі қалашықтың   құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтеріп, қаланың көркіне айналады деп күтілуде. Туристер толастамайтын Ежелгі Римнің Колизейі секілді танымалдығын арттыру мақсатында біршама шаруалар атқарылуда. 19 маусым - қала күнінде Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойын ресми атап, ашық аспан астындағы мұражайдың салтанатты ашылу рәсімін өткізу жоспарланған. Қаланың мәдениетін мен қазынасын көрсететін бұл шара «Шымкент ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасына» тұспа-тұс келіп отыр. Қос мерекені тойлауға шымкенттіктер асыға тосуда. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Теріскейлік туристерге Цитадель таныстырылды
  • «Shymkent Tourism Center» студенттердің біліктілігін арттырмақ
  • Шымкент әуежайында туристік карта мен ақпараттық парақшалар таратылды
  • Туристік орталық ақпараттық қорын жаңартуда
  • 30 туристке-30 сыйлық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер