Әлем жұлдыздары Шымқалаға келмек

Screenshot_10.jpg

«Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» аясында үшінші мегаполисте 34 іс-шара ұйымдастырылады. Ең негізгілерінің бірі – мәдени астананың ашылуына арналған мерекелік концерт. Думанды шара 20 наурызда сағат 18:00-де қаладағы Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді деп күтілуде. Шымқаланың шырайын арттыра түсіруге арналған бұл мерекелік кештің қонағы кімдер?

«Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» іс-шарасының концерттік бағдарламасына Шымкент қаласынан 800 ге жуық, ал Алматы, Астана қалалары мен ТМД елдерінің 300-ден астам өнерпаз қатысады. Ашылу салтанатын 16 мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтары тамашалайтын болады. 

Мәдени астана жылының салтанатты ашылуында оңтүстік өңірден шыққан танымал әртістер де өнер көрсетпек. Мысалы, Түркістан облысы Арыс ауданының тумасы, Қазақстанның халық әртісі, қазақ академиялық опера және балет театрының соло-әншісі Нұржамал Үсенбаева туған жерге сүйіспеншілігін ән арқылы жеткізеді. 

Қонақтар тізімінен ойып тұрын орын алған Жұбаныш Жексенұлы да бар. Классикалық музыка әлемінде кеңінен танылған әнші Зарина Алтынбаева арнайы шақыртумен келгелі тұрған жұлдыздардың қатарында. Сонымен қатар, Жұлдыз Уәлихан, Сара Амангелді сынды ән әлемінің төрінде жүрген жұлдыздар келіп, мерекелік кешке атсалысады деп күтілуде. Қазақстандық әншілерден бөлек, Шымкентке атышулы «Havanna» тобы, беларуссиялық әнші Евгений Курчич келіп, көрермендерді қуантпақ. Және 2010 жылы жылы құрылған «Время и Стекло» тобы да танымал альбомдарын дайындап отырған сыңайлы. Гүлзинат Суранчиева, Омбы хоры, Зафар Абдуалимов, Акбар, Атамухамедов, Ширин Маметова, Сильва Акопян, Марта Адамчук секілді ТМД өнер жұлдыздарының туындыларын тамашалауға да үлкен мүмкіндік туып отыр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер