Қазіргі таңда үшінші мегаполистегі іс-шаралардың мақсаты мен маңызы тікелей «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» мәртебесі берілуімен байланысты болып отыр. Осы орайда қалада туризмдік бірқатар нысандар ашылып, мәдени астанаға арнайы ат басын бұратын шетелдік және еліміздің өзге де қалаларынан келетін қонақтарға қолайлы да жайлы жағдай жасау көзделуде.
«Біз қазіргі таңда информациялық дүңгіршектер ашуды жоспарлаудамыз. Негізі бұрын эскизін бекіткенбіз. Бұл туристік дүңгіршекті орнатудағы мақсатымыз – қалаға келген қонақтарға туристік ақпарат беруге көмектесетін арнайы орындарды дайындау», - дейді Шымкент қалалық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Қалқабаев.
Шымкент қаласының туризм басқармасының жоспары бойынша алдағы уақытта қала аумағында 5 туристік ақпараттық дүңгіршек орналастырылады. Ақпараттық дүңгіршектердің басты міндеті – Шымкент қаласы мен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру, тарату, методикалық және консультативтік көмек көрсету, туристік өнімді мемлекет ішінде ұсыну болып табылады. Және Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасымен Шымкент әуежайында, теміржол вокзалында ақпараттық дүңгіршектерді бірлесіп пайдалану, жарнамалық материалдарды ортақ тарату туралы келісімге қол жеткізілді. Оның ішінде, дүңгіршектердің ортақ дизайны, жаңаша бейнесі дайындалды.
Сонымен қатар, Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасымен Шымкент әуежайында және теміржол вокзалында ақпараттық дүңгіршектерді бірлесіп пайдалану және жарнамалық материалдарды ортақ тарату туралы ауызша келісімге қол жеткізілді. Оның ішінде, дүңгіршектердің ортақ дизайны (жаңаша бейнесі) дайындалды.