" /> " /> Береке бастауы бірлік!- RG media - ақпараттық агенттігі

Береке бастауы бірлік!

Screenshot_5.jpg

Мемлекет басшылары үнемі «Бірлігі жарасқан елміз» деп айтып отырады. Мұның астарында бір мемлекеттің шаңырағында қанша ұлт өкілдері тұрып жатса да бірлігін сақтап, тату тәтті ғұмыр кешуінде.  Биыл 1 мамыр жылдағыдай жоғары деңгейде аталып өтілмейді. Осы тұста Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестігінің "Дўстлик" қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов бірлік күнімен құттықтап, «Атамекен» әнін шырқап, елге серпіліс сыйлады. 

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайтын еді. 

«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.

 Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтетін еді. Төтенше жағдайды ескерген, барша Қазақстандық үйінде отырып, мемлекетке қолдау білдіруде. Ал өнер иелері мен мемлекеттік қызметтегілер үйде жіпсіз байланған халықтың көңілін аулап бағуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда шекарадан өту тәртібі өзгерді
  • «Қазақ дастарханы» челленджі бастау алды
  • «Жүрек жылуы» Рамазанда мұқтаж отбасыларға көмектесті
  • Байқаулар мен онлайн іс-шаралар көрерменге жол тартуда
  • Салт-дәстүр орталығының онлайн дәрістері мәдени астананы танытуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер