«Қазақ дастарханы» челленджі бастау алды

Screenshot_2.png

Миллионды қала үшінші мегаполисте түрлі этнос өкілдері тонның ішкі бауындай тіршілік кешіп келеді. Әсіресе қазақилықтың қаймағы бұзылмаған шаһарда түбі бір түркі халықтары да өзара ынтымақта өмір сүруде. Түрік, әзірбайжан, ұйғыр, өзбек, қырғыз, тәжік секілді этнос өкілдері қазақтың салт-дәстүрі мен тілін, дінін сыйлап, ұстанып келеді. 

Жақында  қазақ халқының мәдениетін, әдет-ғұрыпын және салт-дәстүрін насихаттау мақсатында Шымкентте  «Қазақ дастарханы» атты онлайн челлендж бастау алған болатын. Елдегі төтенше жағдайға байланысты челленджеге қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдарын өз үйлерінде әзірлеп, әлеуметтік желіге салып отырды. Челленджді Шымкент қаласының ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Турдиев Нижат бастады. Ол ұлттық тағам бешбармақ әзірлей отырып, бұл тағамның құндылығы мен шығу тарихын баяндап, сондай-ақ ұйғыр халқының ұлттық тағамдарына да шолу жасап өтті. Нижат қиын-қыстау кезеңде ата-бабаларын аштықтан аман алып қалған қазақ дастарханына ерекше құрметпен қарайтынын айтты. 

Аталмыш челленджге Шымкент қалалық әзірбайжан этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Гурбанова Арзу да үн қосып, ас әзірледі. Арзу әзірбайжан ұлтының қазақпен етене жақын екенін, түбі бір халық екенін айтып, өзге де этнос өкілдеріне сәттілік тіледі. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазақ дастарханы» челленджі бастау алды
  • «Жүрек жылуы» Рамазанда мұқтаж отбасыларға көмектесті
  • Байқаулар мен онлайн іс-шаралар көрерменге жол тартуда
  • Салт-дәстүр орталығының онлайн дәрістері мәдени астананы танытуда
  • Отырар кітапханасы онлайн қолөнер сабағын өткізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер