Үрей, күйзеліс ауруды асқындырады

Screenshot_25.jpg

Ордабасы ауданына қарасты "Қарақұм" дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Перизат Қоңыратбаева аймақта коронавирустың екінші толқынына дайындық шаралары қарқынды жүріп жақанын жеткізді. Барлық қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген, 3200 халық тіркелген амбулатория індет жұқтырған жандарға сапалы медициналық көмек көрсетуге әзір. Осы орайда Перизат Сейсенбекқызы тұрғындарға арнап  өз кеңесімен бөлісті.  

  «Ең алдымен, алдын ала «ауру жұқтырып аламын ба» деп үрейге бой алдырмаған жөн. Яғни, COVID-19-дың жаңа толқыны орын алу мүмкіндігіне байланысты күйзеліске түспеуге, үрейленбеуге, қобалжымауға тырысу қажет. Үрей сіздің жай-күйіңізді нашарлата түсетін жаман фактор саналады. Үрейленген кезде иммунитет төмендеп кетуі мүмкін. Тұмауға қарсы вакцинация бар. Ал коронавирусқа қарсы вакцинацияны бүгінде әлемнің көптеген елдері ғылыми тұрғыда әзірлеп, зерттеу жұмыстарын жүргізу үстінде. Екіншіден, тәжірибе коронавирус инфекциясын алдын алудың нақты әрі тиімді шарасы - қоғамдық орындарда маска тағу, әлеуметтік арақашықты сақтау, қолды үнемі сабынмен және антисептикпен тазалау екендігін көрсетіп отыр. Адам көп жиналатын жерлерде бармауға кеңес береміз. Егер аса қажеттілік болып жатса, онда міндетті түрде медициналық маска тағып, қолды антисептикпен тазалап отырған жөн», - дейді дәрігер.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер