Ауылдық амбулаторияның дайындығы жоғары

Screenshot_21.jpg

Аты жаман індеттен сақтану мақсатында Түркістан облысында медицина мекемелерінің материалдық-базасы нығайывп келеді.  Әсіресе коронавирусты емдеуге қажетті аппараттардың саны артуда. Айталық облыс көлемінде қазіргі таңда оттегі концентраторларының саны 900 бірлікке жеткізіліп, бүгінде өсім 95,0% - ды құрап отыр. Осындай құралдың бірі Ордабасы аудандық ауруханасына қарасты Бөген дәрігерлік амбулаториясына берілді. 3400-дей тұрғынға медициналық қызмет көрсететін нысанда 3 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс істеп жүр. 

   Коронавирус және пневмония симптомдары байқалған науқастарды дер кезінде оқшаулап, медициналық көмек көрсетуге әзір тұрған мұндағы мамандар  сәт сайын жаңарып отырған коронавирусты емдеудің тәсілдерімен танысып, білімін жетілдіріп отыруды әдетке айналдырған.  Бөген дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігер міндетін атқаушы Төлеш Ханзада бұған дейін күдікті науқастан алынған анализдер  Шымкент қаласына жіберіліп отырса, енді аудан орталығындағы ауруханаға жеткізетінін айтуда. Себебі орталық ауруханада пцр анализін тексеретін зертхана ашылған.   Аға дәрігердің ойынша екінші толқын қайталанса бұл дерт жеңіл өтуі ықтимал. Себебі халықтың коронавирустан сақтану туралы сауаты ашылып, дәрігерлердің тәжірибесі артқан.    

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Төрткүлде вирус жұқтырған науқастар үшін 50 төсек орын әзірленді
  • Үрей, күйзеліс ауруды асқындырады
  • Вирустан сақтанудың жолдарын түсіндірді
  • Науқастар оттегіге зәру болмайды
  • Ауылдық амбулаторияның дайындығы жоғары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер